"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ С.Б. МАНЗОРОВ КЕЛДІ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына АЭА қызметімен танысу мақсатында Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.Б. Манзоров келді. Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен және АЭА қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, АЭА аумағында орналасқан кедендік бекеттердің жұмысына байланысты мәселелер талқыланды. ҚР кедендік заңнамасына сәйкес, АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 178